12/04/2011 / mergenmusicLyrics/AYAN

AYAN

Lyrics

«Моншақ қар»

Күн сайын қар моншақтап, жерді аққа бояды.

Жанымдағы мазаны, қысқы аяз жұбатты.

Жүректегі тәубені өлен етіп ән салдым.

Әнім менің ұзындау, әуені дыбыссыз болды-ау.

Күн сайын қар моншақтап, жерді аққа бояды.

Жанымдағы мазаны, қысқы аяз жұбатты.

Даладағы ақ жұмақ, табиғаттағы – жұмбақ.

Періштелер ән салып маған уатады… уатады қайтадан.

Зықаева Ақмарал 2008

«Айналдым»

Айналдым мен күлімдеп,

Айналдым қайта, күнге қарай.

Жақындадым дәмелеп,

Таң қалдым, жарқын, нұрыңа орай.

Тарқаттым түнгі аспанға,

Сық-сыйған үнсіз жұлдыздарды…

Шексіз болған ғарышқа,

Жарқыраттым тәтті қиялдарды!

Айналдым!

Айналдым мен қайтадан,

Айналдым қайта құмарланып.

Жүрілмеген жолдардан,

Келдім ғой саған мен жаңылып.

Қолымда ұстаған жүректі,

Аспанға жібердім сыйлық етіп.

Жүрек болған жұлдызды,

Қайта, қайта мен айналып…

Тынышталсам?

Айналдым мен армандап,

Айналдым сені ғана ойлап,

Жұлдыздарға жақындап,

Өзіме өзім шашбау байлап.

Өлең айтып, күлімдеп,

Мен келдім саған дәмелеп,

Билегенім еркелеп,

Күн нұрыңа жетер етіп…

Айналдым!

Зықаева Ақмарал 2009

«Неге?»

Жақсы жаман нәрсені матап,

Сол себептен себепсіз жылап.

Бұлайша аспаннан құлап,

Іздедім жартжұрты сұрап.

 

Неге? Неге? Неге?

Жанға батты?

Неге? Неге? Неге?

Мені ол босатты?

Жақсы жаман нәрсені матап

Сарқылмас сезімдерім,

Ынтызар елестерім,

Әлқисса сарсаң етім,

Мұздайды жүрегім.

 

Неге? Неге? Неге?

Жанға батты?

Неге? Неге? Неге?

Мен ол босатты?

Әлде біреу біреуді іздеп,

Әр күн сайын оны індетіп.

Жылағанда елеңсіз тербетіп,

Көңілімді бәсеңдетіп.

 

Неге? Неге? Неге?

Зықаева Ақмарал 2010

«Балық»

Хей, егерде мен, сенсіз жұмақ тапсам?

Нышаналы, қиял бейне салсам?

Өңімде мен құстай болып ұшсам,

Ағымсыз бол, егерде жығылсам.


Қаранқыға оранып қаштым мен түнге қарай,

Жел аяқ, мен ұшып қанатым бар болғандай,

Су беті мұздай болып, қадам бастым қорықпай,

Мұз астында сен жүзіп, балық болдың осылай.

Хей, егерде сен аспанға қарасаң,

Су астынан менсіз пейіш тапсаң?

Назаланбай мүмкін келем саған,

Қанатымды сөгіп қалдырсам.


Қаранқыға оранып қаштым мен түнге қарай,

Жел аяқ, мен ұшып қанатым бар болғандай,

Су беті мұздай болып, қадам бастым қорықпай,

Мұз астында сен жүзіп, балық болдың осылай.

Зықаева Ақмарал 2010

«Күзгі тамшылар»

Күзгі көк тамшыдай, үн түнссіз тамамын.

Өткен бір болмысқа, күлімдей қарадым.

Арайлы ақ таңнын, шомылып мен түбіне.

Мен саған жетермін, ақ білек арманым.

Күзгі көк тамшыдай, сені ойлап тамамын.

Өткен сол күндерді, жүрегім аңсайды.

Арайлы ақ таңнын, шомылып мен түбіне,

Мен саған жетермін, ақ білек арманым.

Зықаева Ақмарал 2005

«Көбелек»

Көмескі кеш тұманы, орайды даланы,

Тіршілік ұйқыға асықпай дайындалды.

Аспанда жұлдыздар бір бірден жиналып,

Ғажайып бұл кеште түсті көзіме айналып.

 

Түнгі көк көбелек жарыққа ғашық,

Болдым мен ақ көйлек, жүрегім ашық.

Кірпік қаққан сәтті лездені есімде сақтаймын.

Ажарлы тәтті күндерді, қайтаруға тілеймін.

Көзімді жұмсам да, елестей беремін,

Саңырау болсам да, үніңді мен естимін.

Еркінді даланы, құмтылып сақтаймын,

Есімде ерке елессін, сүйемін сені – Отаным менің

Аңсайды жаным.

Түнгі көк көбелек жарыққа ғашық,

Болдым мен ақ көйлек жүрегім ашық.

Кірпік қаққан сәтті лездені есімде сақтаймын.

Ажарлы тәтті күндерді, қайтаруға тілеймін.

Көбелектей жарыққа ғашық, сүйемін еркін даланы.

Сүйемін сені отаным.

Зықаева Ақмарал 2010

«Тәнті болдым»

Қашықтық түн мен күн арасында, енді…

Жұлдыздар билейді, арамызда олар (билейді) жарқырап…

Тәнті болдым бұл өмірге, осындай тұнық сезімге.

Тәнті болдым бұл өмірге, осындай тұнық сезімге.

Екеумізге, аспан махаббат силылап етті сол күнде,

Арманымнан асты бұл сезім.

Тәнті болдым бұл өмірге, нәсібім менің сен екенсін.

Тәнті болдым бұл өмірге, нәсібім менің сен екенсін.

Зықаева Ақмарал 2009

«Түнге қарай»

Әлди-әлди аппағым,

Әлди-әлди қарағым,

Саған тәтті бал берем

Ұйықтай ғойшы шырағым.

Зықаева Ақмарал 2008

«Теңіз»

Толықсиды, толқиды,

Шалқып жатқан көк теңіз.

Тыныстауды білмейді,

Жағада қалқып ол шетсіз.

Самал желге, өкпелеп,

Сағаны желпіп сабайды.

Дауыл соқса, долданып,

Толқыны көкке самғайды.

Сабыр сақта тағаттап,

Кейпі орнына келеді.

Шуақты, күнің кезінде,

Ағарсаң кегінді желден.

Зықаев Әділхан 2009

« Жалын от»

Қараңқы түнді қақ жарып

Өртенеді пәк дала

Айнала оны білмейді

Жын шайтан мен

Ар дана

Қиқулаған албыасты

Бар үрейді ұшырып

Қарқылдай бір күледі

Шын жүректен шаттана

Қараңқы түнді қақ жарып

Зарланады ақ дала

Көмекке де келмейді

Адамзаттық бір бала

Бар Арқасы майысар

Айуандарды көтеріп

Тек тәңірден сұрайды

Көк аспанмен бір пана

Алаулаған жалын от

Ақ аспанмен таласар

Қара түнің серігі

Тыныштыққа жармасар

Отқа оранған тал шыбық

Сайтандардың ермегі

Бұл жалғанға жақсы күн

Қашан ғана келеді

Аялайды алақанды, дудыраған өрт алау

Зейтенова Жұлдыз 2005

«Дуашым»

Дуашым менің, қатал болма маған.

Алдаушы болсаң, бояма нәзік жалған.

Қадамды үрей басып келемін саған.

Құммайтын арасында мен аралап

…ұзақ жүрсем, амал таппай,

..шешім тапсам, күтесің бе?

Сиқырлы түнде ұйықтамас, ашуланған бір пері

Нені іздеп тынымсыз болмас? Мүмкін жүрегім менің?

Жулдыздар суайт срқылмас, хикаясын мен тыңдап,

Бәсеңдеп елеусіз жасап, жылатты қайта…

Мені…

Бәлкім түсінер…

Егерде біреу, мені, жұбатып етер?

Құммайтын арасында, адасқан бір жан едім,

Жалғыздыққа көнбеген жүрегімнің өлеңі

Зықаева Ақмарал 2008

«Құстар»

Құстар ұшып кетті,

Қысқартып күзгі күндерді.

Қанат қағып, босқа жалғыз қалдым, білмей…

Бұл жерді.

Өткен күндер,

Қайта келді тынымсыз менің түсіме…

Мазалай берме, қуалаймын сені есімнен,

Аяла мені, жүрегімді қалдыр өзіме.

Құстар ұшып кетті, іздеп белгісіз алыс жерді.

Қанат қағып, босқа шаршап қалдым мен,

Күндерді санап,

Жоғалған кез қайталанды, ауыртып менің жанымды.

Мазалай кірме, құпиялы менің түсіме,

Аяла мені, жүрегімді қалдыр өзіме.

Шаршадым ойлап, күн сайын сені,

Аспанға құс секілді жібер мені.

Зықаева Ақмарал 2010

All rights reserved by mergenmusicⓅ© 2017