12/05/2017 / mergenmusicLyrics/TYH

TYH

Lyrics

«Толқын»

Толқынды толқын, қуалап,

Толқынға толқын жол салар.

Қиялды қиял қуалап,

Көңілге түрлі ой салар.

Жағаға жөңкіп жеткенде,

Аялап кім қарсы алар?

Қиялды қиял қуалап,

Көңілге түрлі ой салар.

Толқынды толқын, қуалап,

Толқынға толқын жол салар.

Арманды арман жетелеп,

Мұратқа кім жеткізер?

Жағаға жөңкіп жеткенде,

Аялап кім қарсы алар?

Қиялды қиял қуалап,

Көңілге түрлі ой салар.

Зықаев Әділхан 2009

«Арманда»

Бар әлемнің шаңырағы, биікке көтерілген көк аспан.

Не бар екен көк аспанмен, ойнақтап есерлікпен талассқан.

Шетсіз, шексіз кеңістікте, тұңғиық ғаламда,

Сансыз жұлдыздар нұрын шашады алыстап…

Арманда, жаным арманда,

Армансыз адам болған ба?

Арманда, жаным арманда,

Армансыз өмір болған ба?

Армандап, арман жетеді, құшағын ашып бозарып.

Рауандап таң келеді, күмістей сәуле шашылып.

Шетсіз, шексіз кеңістікте, шапағы лауланып.

Не бар одан артық жанса қос жүрек лапылдап…?

Арманда, жаным арманда,

Оралмай қалмас арманда…

Арманда, жаным арманда.

Зықаев Әділхан, Зықаева Ақмарал 2016

«Тұмса сезім»

Ай қалқып күлімдейді жұлдыздар,

Көк күмбезін іздеп жел арада.

Ұмтылып барсам да, алысқа

Қанат қағып биік көк шарыққа.

Білмеймін неге бұл неліктен?

Құшағымда ыстық балғын сезім.

Күздейді енді жүрегімде

Аңсайды мәңгілік тұмса сезім.

Әндетіп жұлдыздар нұрын шашып,

Жылтырайды дәметіп кетеді тарқап.

Төгіліп кетсем де жетемін тұңғиық

Шексіз көлге, мен тамшылап.

Білмеймін неге бұл неліктен?

Құшағымда ыстық балғын сезім.

Күздейді енді жүрегімде

Аңсайды мәңгілік тұмса сезім.

Зықаев Әділхан, Зықаева Ақмарал 2016

«Қаңтар»

Жанымды ол қинады,

Үн қатпай жай қарады.

Түнерген қала кеші,

Тұп тұнық қара көзі.

Қарап тұрмын назданып,

Жоқ әлде мен алданып

Қалдым…?

Әй ғашығым, әй жарығым!

Жұлдыздай жаным тасыдым.

Мен сүйгендей сүй мені,

Тілеп алған нәсібім.

Қара суық қаңтарда,

Аяз ба жоқ қанжар ма?

Жүрегіме қадалған,

Махаббат па арбаған?

Адастырған сезім бе?

Біле алмай мен өзім де

Қалдым…

Әй ғашығым, әй жарығым!

Жұлдыздай жаным тасыдым.

Мен сүйгендей сүй мені,

Тілеп алған нәсібім.

Зықаева Ақмарал, Тасқын Жармұхамед 2005

«Екеуі»

Алдағы күнде кетеді, жарасы жанға тартылып.

Құмары баыслып барады, есіне сағым қалдырып.

Алдағы күнде сұрайды, өмірдің нәрі не болар?

Түңіліп еске салады, болмаған ләззят қиялдар.

Бәрі де ұмытылып қалады, көлеңке түсіп көңілге.

Жел есіп кең далада еркелеген,

Самалы қос бұрымын, таратады жас сұлудың.

Мамық боп ақ төсекке төгілмеген,

Самалы қос бұрымын, таратады жас сұлудың.

Барады жол үзіліп артымнан,

Тізбегі кенет сөгіліп жаңа жолға тігіліп.

Шашады пәк сәулесін аспанан,

Жарығы жүрек күйдіріп, қайтесін нұрын сөндіріп?

Айтайын жылап-күліп жанымнан,

Үялып барар тығылып, екі жүрек қосылып.

Бүгінгі түн бітпесін ешқашан,

Созылса уақыт артылып, кейінге күнді қалдырып.

Күн барады еңкейіп, ымыртын қалдырып артынан.

Түн қараңқысы қоюланып, қалың түнекке оранып,

Бір-бірін іздеп…

Бәрі де ұмытылып қалады…

Зықаева Ақмарал 2015

«Түн»

Сездірмей жасырын жүрсем де,

Ағып кетсін іштегі мұң.

Толады екен бүгін,

Көз жасы төгіліп,

Көңілсіз тынық түн.

Білдірмей жасырын жүрсем де,

Жүрегімнен естілсін үн,

Өткенді еске алып,

Елеске толады,

Түнерген тынық түн.

Қай арманан, келдің сен маған?

Түсімнен, не қиялдан?

Бар әлемнен жарқырап асқан,

Екеумізге дүние жалған.

Аспанымнан жұлдыздар шашқан,

Бұл өлеңді арнаймын саған.

Есте сақтаймын, мәпелеткен кейпіңді,

Енді қайтермін? Нәпселеткен жанымды

Қайтар алмай мен өзіме…отын басып алсам…

Зықаева Ақмарал 2016

«Аққа толдым»

Тұнық мөлдір жарқыраған шұғыласын шашады,

Сәулесінің шапағы шуақ көзін ашады.

Үлбіреген жүректегі пәк сезім, мастандырып барады.

Жылтырап төгілсе, жайнаған ақ сәуле

Бұның бәрі өңім бе, шатастырған әлде түсім бе?

Моншақтай сөгілсе, іштегі бос дәме,

Ей жарық дүние, бұл өмірде саған кім ие?

Таңғажайып келер тылсым әлем,

Құшағын ашып маған… азаңда

Аққа толдым мен шомылып, күн сәулесіне азаңда…

Азаңда нұр шашылып жарқыратты… жанымды…

Бұл ғаламда не бар асқан?

Сенің ыстық құшағынан?

Қиялмай жүр бірін-бірі,

Лауланып кетер жүректері.

Жалын өткен кезінен бері,

Тұрады екен сезімнің мөлдірі.

Зықаева Ақмарал 2016

«Дауыл»

Долданып дауыл соғады,

Көтеріп шаң тозаңды.

Тірлікке лаң салады,

Кетіріп үрей мазаңды.

Түн бойы дауыл соғады…

Соғады дауыл соғады…

Бара-бара соғады,

Басылып мүлкіп қалады.

Меңіреу мезгіл қонақтап,

Тіршілік тыным табады.

Соға-соға әлсіреп,

Тұншығып үнсіз қалады.

Неге уақыт күнді жетектеп?

Ұясына барып қонады.

Түн бойы дауыл соғады…

Соғады дауыл соғады…

Соғады дауыл соғады…

Кетіріп үрей мазаңды…

Түн бойы дауыл соғады…

Бара-бара долданып соғады.

Басылып дауыл соғады…

Жаным, өкінбе маған жаным…

Өткен қайта келмейді…

Жаным, өкінбе маған жаным…

Өкініш орны толар ма?

Зықаев Әділхан 2004

«Сағыныш»

Саған деген сағыныш мұңым,

Өлеңім менің.

Ойнатып жүректің қылын шертеді,

Өзекті от қып өртеді.

Сен соны білесің бе? Сезесің бе? Сенесің бе?

Жоқ әлде күлесің бе?

Шоқ болып күйдірді, жоқ етіп сөндірді,

Әдейі үркіп шеттедің, өзің біл жаным.

Сен соны білесің бе? Сезесің бе? Сенесің бе?

Бәрі өтеді, арманымен кетеді…

Зықаев Әділхан 2004

«Бесік жыры»

Әлди-әлди ақ бөпем,

Ақ бесіке жат бөпем.

Менің балам ай ма екен,

Ақ маңдайы жарқырап?

Әлди-әлди ақ бөпем,

Ақ бесіке жат бөпем.

Орап жылы мамыққа

Бесігіңе бөлейін.

Әлди-әлди ақ бөпем,

Ұйықтай ғойшы жан бөпем.

Менің балам күн бе екен,

Жарық шашып әлемге?

Әлди-әлди бөпешім,

Ұйықтай ғойшы көкешім.

Менің балам жан бе екен?

Жарқыраған нұр ма екен?

Зықаев Әділхан 2004

All rights reserved by mergenmusicⓅ© 2017